Бөлiмдер

Кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі

 

Кадр және Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің міндеттері:

1.Ұйымның мақсатына, стратегиясына және бейініне, оның қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларының өзгеруіне сәйкес оны талап етілетін кәсіптің, мамандықтың және біліктіліктің жұмысшы және қызметші кадрлармен жиынтықтау.

2. Кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу.

3.Кадрларға ағымдағы және перспективалы қажеттілікті және оны еңбек нарығын зерттеу негізінде қанағаттандыру көздерін айқындау.

4.Жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыстарды, ұқсас саладағы ұйымдармен байланысты, ұйым ішінде қызметкерлерді бос жұмыс орындары туралы хабардар ету.

5.Бұқаралық ақпарат құралдарына қызметкерлер жалдау туралы хабарландырулар жариялауды ұйымдастыру.

6. Ұйымның кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлеу.

7. Кадрларды олардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапасын бағалау негізінде таңдау, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, кәсіпорынның бөлімшелерінде қызметкерлердің дұрыс пайдаланылуын бақылау.

8.Қызметкерлерді кәсібіне және мамандығына сәйкес қабылдауды, орналастыруды қамтамасыз ету, бөлімшелер басшыларымен бірлесіп олардың тағылымдамадан өтуін және өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

9.Іскерлік мансапты жоспарлау, кандидаттарды жеке жоспарлары бойынша ұсынуға даярлау, басшылар мен мамандардың ротациялық қозғалысы, арнайы курстарда оқыту, тиісті лауазымдарда тағылымдамадан өту сияқты ұйымдастыру нысандары негізінде ұсыну үшін резерв құру бойынша жоспарлы жұмысты жүзеге асыру.

10.Ұйым қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, аттестацияның нәтижесін талдауға, аттестациялық комиссияның шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, аттестациядан қайта өтетін мамандар тобын айқындау.

11.Қызметкерлерді және олардың қызмет нәтижелерін, қызметкерлердің қызметтік-кәсіби жоғарылауын кешенді бағалау жүйелерін әзірлеуге, аттестация өткізу.

12. Еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және ұйым басшысының бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек жолдары туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттамаларды жүргізуді, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастыру. 13.Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету.

14.Ұйым бөлімшелерінің, бөлімшелер басшыларының заңнамалық актілерді және үкімет қаулыларын, кәсіпорын басшысының кадр саясаты және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі қаулыларын, бұйрықтарын және өкімдерін орындауын бақылау. 15.Табельдік есеп жүргізуді, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын бақылау.

16. Ресей Федерациясының ғарыш айлағына рұқсатнама беретін ФГУП ЦЭНКИ кәсіпорны қызметімен тиісті жұмыстарды жүзеге асыру.

17.Қызметкерлерге және кәсіпорынмен шартпен жұмыс істейтін мекемелерге жеке тұлғаларға уақытылы рұқсатнама дайындау.

19.Кәсіпорын ақпарат сайтымен жұмыстар атқару, интернет жүйесін өз дәрежесінде пайдалану.

20.Кәсіпорындағы компьютерлік техникалардың жұмыс істеуін қадағалау және уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

 

 Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау бөлімі:

 

 

Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау бөлімі міндеттері:

 

1.Бастапқы құжаттардың және бухгалтерлік жазбалардың  негізінде  анық бухгалтерлік есеп дайындайды, оларды белгіленген мерзімдерде қаржылық, статистикалық және салықтық есеп беретін органдарға өткізеді.

 

2.Жалпы мемлекеттік салықтардың, алымдардың және Жинақтаушы зейнеткерлік қорға жарналардың төлемдерін дұрыс есептеп, есептіліктерді дайындап уақытында өткізеді, қорлар мен резервтерге қаржыларды аударады.

 

3.Тауарлы-материалдық құндылықтарды белгіленген рәсімдеу Ережелеріне сәйкес қабылдайды және босатады.

 

4.Еңбекақының барлық түрлерін белгіленген тәртіп бойынша есептейді.

 

5.Еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуын, қаржылық және кассалық тәртіптің, кәсіпорын кірісінің есебінен төленетін төлемдердің заңды және мақсатқа сай орындалуын қадағалайды.

 

6.Түскен тауарлы-материалдық құндылықтардың толық есебін жүргізеді, олардың қозғалысына байланысты жүргізілетін операцияларды бухгалтерлік есепте уақытында көрсетеді.

 

7.Кәсіпорынның барлық құндылықтарына, оның балансының барлық баптарына  белгіленген тәртіптерге сәйкес түгендеу жүргізеді және түгендеу нәтижелерін уақытында есепте көрсетеді.

 

8.Белгіленген уақытта дебиторлық берешектерді өндіріп алуды, кредиторлық берешектерді өтеуді іске асырады.

 

9.Басқа жақ және мердігерлермен, ұйымдармен қызмет жасасқан өзара есеп айырысу және шығындар бойынша есептерде мәліметтерді көрсете отырып салыстырып көрсетулерді және бухгалтерлік құжаттарды істеп шығады.

 

10.Банк бойынша бастапқы құжаттарды жасап шығады және ақшалай қаржылардың қозғалысы бойынша есептерді дайындап өткізеді.

 

11.Ақшалай қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың кем шығуын, қаржылық және шаруашылық заңдылықтардың бұзылуын  болдырмайтын іс-шараларды іске асырады.

 

12.Тауарлы-материалдардық құндылықтарды алу, беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау туралы жасасқан шарттармен, келісімдермен жұмыс атқарады.

 

13.Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын және оларды белгіленген тәртіп бойынша дайындап мұрағатқа өткізілуін, мерзімі біткендердің жоюлуын қамтамасыз етеді.

  • 14.кәсіпорының қаржы-шаруашылық қызметінің шынайы ақпаратын есеп алуды қамтамасыз етеді;
  • 15.қаржы көздерін және мүліктік-материалдық құндылықтардың қозғалысын, бар болуын қадағалау; сонымен қатар қарызгерлермен уақытында есептесуді қамтамасыз ету, бюджетпен,жинақтық зейнет ақы қорымен әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорымен жұмыстар жүргізеді;
  • 16.ҚР заңнамаларын орындалуын бақылайтын мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • 17.кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің есептерін дайындау және даму жоспарын әзірлеу;
  • 18.сметалармен бекітілген нормативтік талапқа сәйкес қаржы көздерін және материалдық пайдалануда мүлік қозғалысын бақылау;
  • 19.салық декларациясын дайындау, республикалық және жергілікті бюджет салықтарын уақытылы есептеу және аудару;
  • 20.қаржыландыруды және сыртқы міндеттемелердің орындалуын бақылау;
  • 21.кәсіпорының қаржы-шаруашылық қызметін сараптау және жинақтау есебін жүргізу;
  • 22.кәсіпорының негізгі қорының және айналымдағы ақшалай қаражаттын есептеу;
  • 23.Ресей Федерациясы жалдан шығарылып "Байқоңыр" кешеніндегі кәсіпорынға берілетін мүліктерді есепке алу;
  • 24.тауарлы-материалдық құндылықтармен ақшалай қаражаттарды түгендеудің уақытылы жүргізілуін бақылау;
  • 25.тиісті органдарда кәсіпорынның қаржы мәселесіне байланысты мүддесін қорғау.

 

Өндірістік-техникалық бөлімі

 

Өндірістік-техникалық бөлімнің міндеттері:

  • 1."Инфракос" РМК өндірістік-техникалық бөлімінің міндеті - техникалық және ұйымдастырушы-әдістемелік басқаруды жүзеге асыру.
  • 2.Өндірістік қызмет жұмысы жоспарларын әзірлеу, бекіту, есепке алу, бақылау және талдау және өндірістік жұмыс кестелерін дайындау.

    3. Қызмет жұмысы жоспарларын уақытылы және сапалы орындауды ұйымдастыру және қадағалау.

    4.Қызмет құрамы жұмысында туындайтын олқылықтар мен бұзушылықтарды уақтылы жою.

    5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қызметі жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, жеке құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

    6.Ресей Федерациясы жалдық құрамынан шығарылатын және жалдық құрамға кірмеген "Байқоңыр" кешені объектілерінің, берілетін мүліктерінің техникалық жағдайын бағалауға қатысу.
  • 7.Мемлекеттік бағдарлама бойынша атқарылытын жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қатысу.
  • 8. Байқоңыр ғарыш айлағы объектілерінде есептен шығарылған ғимараттар мен үйлерді бұзу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
  • 9. Объектілерде кәдеге жарату және жөндеу жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жүзеге асыру
  • 10. Құрлыс монтаж участкесі атқаратын жұмыстарды қадағалау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
  •         
  •                 Заңгерлік бөлім
  •          Заңгерлік бөлімнің міндеттері:
  • 1.Кәсіпорын заңгерлік бөлімі заңды және жеке тұлғалармен келісім шарттар жобасын дайындайды құжаттардың заңдылығына жауап береді.

    2. Кәсіпорын мүлкін және басқада заңды   құқықтарын, мүддесін қорғауға қатысады.

    3.Лауазымды қызметкерлерге бөлім басшыларына құқықтық жұмыстар жөнінде кеңестер береді.

    4.Кәсіпорындағы актілер, бұйрықтар, шешімдер жобаларының заңнама талаптарына сәйкес келуін тексереді.

    5.Ғарыш саласына байланысты – құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысады;

    6.Нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді;

    7.Құқық бұзушылыққа қарсы ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жұмыстар атқарады.

    8. Құқық саласындағы әр түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайды, заңға өзгерістер енгізілуін қадағалайды және қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    9.Белгіленген заң талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді және жауапкершілікте болады.

    10.Экономикалық сотта кәсіпорын мүдесін қорғайды.

 

Шаруашылық бөлімі

 

Шаруашылық бөлімнің негізі міндеттері:

1.Кәсіпорынға және оның бөлімдеріне өтінімге және жұмыс кестесіне сейкес шаруашылық, материалды-техникалық және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету. 

 

2.Кәсіпорын кеңсесі ғимараты мен бөлмелердің тұрмыстық сақталуын қадағалау және жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету.

 

3. Кәсіпорын газбен жылыту қазандығын және құралдарын техникалық қауіпсіздік талабына сай пайдалану, жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

4.Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есептен шығару.

5.Комуналдық қызметтерге төлем төлеуді ұйымдастыру 

 

6.Қызметтік бөлмелерді күту және қазіргі санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен ережелерге сәйкес келетіндей жағдайда ұстау.

 

7.Инженерлік жабдықтардың өрт құралдарының жарамдылығын бақылау.

 

8.Ауланы көркейту, жасылдандыру және аймақты жинау, ғимарат кіреберісін күтіп ұстау. 

 

9.Бұйым, жиһаз, шаруашылық тауарлар алу үшін келісім жасауға құжаттар дайындау, және оларды қабылдап алу.

 

10.Жиһаздың, шаруашылық бұйымдардың сақталуын қамтамасыз ету, бүлінген жағдайда қалпына келтіру және жөндеу іс-шарасын жүргізу.

  •    11.Қаржы-шаруашылық қызметі бойынша және атқарылған жұмыс туралы ай-сайын есеп беру.

 

Көлік базасы

 

Көлік базасының міндеттері:

  • 1.Кәсіпорындағы техниканың барлық түрлерін, дұрыс пайдалану, уақытылы, сапалы, жоспарлы жөндеуден өткізу және техникалық бақылау қызметін көрсету.
  • 2.Қызмет көрсету өнімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу.
  • 3.Техниканың, жабдықтардың барлық түрін есепке алуды ұйымдастыру, сонымен қатар ескірген және амортизациялық мерзімін өтеген техникаларды есептен шығаруға құжаттарды дайындау.
  • 4.Механизм тетіктері мен түйіндерін қалпына келтіру және жөндеудің үдемелі әдістерін енгізу және өңдеу.
  • 5.Техниканың қызметінің мерзімін ұзарту бойынша шаралар қолдану, және оның бос тұрып қалуын қысқарту, өндірістік жарақаттанудың және аварияның алдын алу, жөндеудің сапасын жоғарылату
  • 6.Техникаларды жоспарлы жөндеуді жолға қою.
  • 7.Артық бөлшектермен уақытылы қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
  • 8.Сұранысқа байланысты құрлыс-монтаж участогі атқаратын жүмыстарды техникамен қамтамасыз ету.
  • 9.Жанар-жағармайды уақытылы жеткізу.
  • 10.Жол қозғалысы ережесіне сәйкес нұсқау беру және орындалуын қадағалау.

  •  
  •           Қауіпсіздік және режим қызметі

 

Қауіпсіздік және режим қызметі міндеттері:

  • 1.1996 жылғы 8 қаңтардағы №27 ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес Байқоңыр кешенінің Ресей Федерациясы жалға алғандардын құрамына кірмеген және құрамынан шығарылатын объектілердің сақталуын қамтамасыз ету.
  • 2.Республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес  Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.
  • 3."Инфракос" РМК шаруашалық жүргізу құқығына берілген нысандармен мүліктерді күзету.
  • 4.Объектілерде құқық бұзушылықты болдырмау және мемлекет мүлкінкінің ұрлануына жол бермеу.

 

 

Құрлыс-монтаж учаскесі

 

Құрлыс-монтаж учаскесі міндеттері:

 

1.Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінде кәдеге жарату, бұзу және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізу.

2.Ресей Федерациясы жалға алғандардың құрамына кірмеген және құрамынан шығарылған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінде табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру.

3.Мемлекеттік бюжеттік бағдарламалар бойынша атқарылатын жұмыстарды уақытылы, сапалы орындау.

4.Жеке тұлғалармен кәсіпкерлерге жасасқан келісім Шарт бойынша қызметтер көрсету.

5.Кәсіпорында жүргізілетін күрделі құрылыстар бойынша жұмыстардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, олардың тиімділігін арттыру.

6.Құрлыс материалдарын тағыда басқа құндылықтарды есепке алу және сақтау.

7.Бухгалтерлік есеп бөліміне тиісті есеп құжаттарын ай сайын уақытылы тапсыру.

8. Жобалық сметалық құжаттарды нормаларымен және ережелерге сәйкес әзірлеу.

9. Құрлыс саласында атқарылатын жұмыстарды Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңына сәйкес жүргізу.

10. Жұмыс барысында қоршаган ортаны қорғау және экологиялық талаптарды қатаң сақтау.

 

Байконыр қ., Қазақстан Республикасы

Мира көшесі, 13 А үй

тел.: 8 (33622) 71647

факс: 70143

e-mail: post@infracos.kz

Жаңалықтар

"Инфракос" РМК-ның 25 жылдығы

"Инфракос" РМК-ның 25 жылдығы

Құрметті "Инфракос" ұжымы қызметкерлері! Сіздерді 8 қаңтарда құрылғанына 25 жыл толатын Кәсіпорынның төл мерекесімен құттықтаймын!...

Рогозин іздеген "Буран" кемесінің ісі бойынша негізгі сот ісі басталды

"Буран" ғарыш кемесінің макеті мен ұшу данасы 2019 жылдан бастап сот талқылауының нысанасы болып табылады Алматы...

Байқоңырға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова келді.

Байқоңырға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова келді.

27 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр...